jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

    Ұлдана Тілеухан
    Ұлдана Тілеухан. Фото: uww.org

    Хашимитте (Иорданияда) күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде әйелдер күресінен Қазақстан жастар құрамасы 6 медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Құрлық додасында Сәния Сұлтанғали (49 кг), Мадхия Османова (53 кг), Анна Стратан (57 кг), Ұлдана Тілеухан (65 кг), Зейнеп Эламас (69 кг), Ақбота Қадыр (73 кг) қола медаль иеленді.

    Еске салайық, грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасы да Иорданиядағы чемпионатта 6 жүлде еншілеген еді. Шәміл Досбол (60 кг) алтын медаль иеленсе, Еркебұлан Анапия (80 кг) мен Әділет Тойшы (92 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Нұрдәулет Құмарұлы (45 кг), Едіге Төлеутаев (51 кг) және Данияр Қанағатбек (65 кг) қола жүлдені қанжығалады.

    Еркін күрестен Едіге Қасымбек чемпион атанса, Бекасыл Асамбек күміс, Бекзат Амангелді, Ибрахим Ысқақбек, Ералы Әскербек, Әмір Оразбаев, Ерғали Бейбарыс және Бақдәулет Әкімжанов қола медаль алды.

    Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.