jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Мықтыларымыз шетте қалып қойды": Ризабектің бапкері күрестің даму қарқынына баға берді

    Ризабек Айтмұхан
    Ризабек Айтмұхан. Фото: Milos Miskov/Anadolu Agency via Getty Images

    Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұханның әкесі әрі бапкері Қанат Жолдасбеков еліміздің солтүстік өңіріндегі күрестің даму қарқынына назар аударды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Бірінші бол" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Спорт тарихында Ахметжан Қазымбетов есімді ағамыздың алар орны ерекше. Ол КСРО-ның 12 дүркін чемпионы, мақтана айтатын жерлесіміз. Кеңес заманында басымдық орыстарға берілді, қазақтың мықтылары шетте қалып қоя беретін. Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың өзі Олимпиадаға 28 жасында барды. Егемен ел болған соң жағдай өзгерді. Соның арқасында тәуелсіздік жылдары туған балалар бүгін спортта тәуір нәтиже көрсетіп жатыр. Құрамада жүрген Нұрқожа Қайпанов та Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. 2019 жылы небәрі 19 жасында елордамызда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Қазір жастар арасында көптеген бала бар, тек олардың нәтиже көрсетуі үшін уақыт керек. 

    АҚШ, Ресейдің күрес мектептерінің деңгейі жоғары. Сол жаққа оқу-жаттығу жиындарына қатысып, үйренгенін елімізде шыңдаса да жетіп жатыр. Құдай қаласа, тағы 5-6 жылда ішкі бәсекелестік те өседі", - деді Қанат Жолдасбеков.

    Сондай-ақ Қанат Жолдасбеков ұлының бұл спорт түріне алғашқы қадамы, отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынас жөнінде айтқан еді.

    Айта кетейік, қазанда Албания астанасы Тиранада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан 97 кг дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған еді.

    "Мықтыларымыз шетте қалып қойды": Ризабектің бапкері күрестің даму қарқынына баға берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.