jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алды

    Эльмира Сыздықова
    Эльмира Сыздықова. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Санджуда (Оңтүстік Корея) күрес түрлерінен өткен халықаралық турнирде қазақстандық балуандар 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    76 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Эльмира Сыздықова қоржынға алтын медаль салды. Грек-рим күресінен ел намысын қорғаған Айбек Айтбеков (60 кг) пен Диас Сейітқалиев (77 кг) финалда жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. Ал Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын (екеуі де 87 кг), Нұрасыл Аманалы (97 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

    Еске салайық, қазақстандық балуан Мейіржан Әшіров Армения астанасы Ереванда күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді. Осы жарыста әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановтың жұбайы Мария Седнева қола жүлдегер атанды.

    29 қарашада Астанада еркін және грек-рим күресі бойынша Wrestling Stars халықаралық турнирі өтетінін хабарлағанбыз. Турнирдің басты жұлдызы еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы, төрт дүркін Еуропа чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Франк Чамисо (Италия) болмақ.

    Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.