jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдодан Жапониядағы Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

    Шерзод Давлатов
    Шерзод Давлатов. Фото: ijf.org

    Жапония астанасы Токиода өтетін дзюдодан Grand Slam (Үлкен дулыға) турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    7-8 желтоқсан аралығында өтетін Grand Slam 2024 жылғы ересектер арасындағы соңғы халықаралық жарыс саналады. Бұл турнирде 48 мемлекеттен 302 дзюдошы сынға түседі. Токиода Қазақстан намысын қорғайтын татами шеберлері төмендегідей :

    Ерлер:

    • Шерзод Давлатов, Дәурен Сюкенов (-60 кг);
    • Бақытжан Абдурахманов (-73 кг);
    • Жалғас Қайролла (-81 кг);
    • Мейірлан Максим (-90 кг);
    • Әділет Сапарғалиев (-100 кг).

    Әйелдер:

    • Толғанай Әбеуова (-52 кг);
    • Дана Әбдірова (-57 кг);
    • Самалай Ерғалиева (-63 кг);
    • Назгүл Маратова, Карина Такиева (+78 кг).

    Еске салайық, Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев ұлттық құраманың жаттығуына қашан оралатыны белгілі болған еді.

    Дзюдодан Жапониядағы Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.