jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Үздік иппон": тағы бір қазақ дзюдошысы халықаралық жүлдеге үміткер тізіміне енді

    Ғалымжан Қырықбаев
    Ғалымжан Қырықбаев. Фото: instagram/g.kyrykbaev

    Қазақстандық дзюдошы Ғалымжан Қырықбай халықаралық дзюдо федерациясының IJF Judo Awards 2024 жүлдесіне үміткер атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан дзюдо федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Халықаралық дзюдо федерациясының Judo Awards 2024 жүлдесінің "Үздік иппон" (Best Ippon) аталымы бойынша Ғалымжан Қырықбай үміткерлер қатарына қосылды.

    "Үздік иппон" аталымында 2024 жылғы әлемдік жарыстардағы 20 дзюдошының таңдаулы әдістері іріктелген. Атап айтқанда, қазақстандық Ғалымжан Қырықбайдың Тблисиде өткен әлемдік Grand Slam жарысындағы әдісі үздіктер қатарынан табылған. Дауыс беру кезеңі 10 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін жалғасады.

    Айта кетейік, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) "Жыл дзюдошысы" атағына үміткерлер тізіміне енген еді.

    "Үздік иппон": тағы бір қазақ дзюдошысы халықаралық жүлдеге үміткер тізіміне енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.