jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақстанда да мықты мамандар бар": Ғалымжан Жылгелдиев құрамаға шақыртылатын шетелдік бапкерлер туралы айтты

    Елдос Сметов пен жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев
    Елдос Сметов пен жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев: Olympic.kz

    Дзюдошы Елдос Сметовтің бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шетелдік бапкерлердің құрамаға шақыртылуы туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Бірінші бол" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ғалымжан Жылгелдиев құрамаға шақыртылған шетелдік мамандарға қатысты да ойын ортаға салды.

    "Көмектесеміз, үйретеміз деп жатса, оған еш қарсылығымыз жоқ. Басшылық бар, солар қалай жақсы екенін білетін шығар. Дегенмен Қазақстанда да мықты мамандар бар, Олимпиаданың жүлде жиынтығын сыйлаған бапкерміз, сондықтан олар бізден соншалықты артық біледі деп ойламаймын. Олар да көрсін, көмектессін, егер көмегі тиіп, біздің жетістігімізді қайталап жатса, оған тек қуанамыз. Қолдаймын дейтінім – балаларға, бапкерлерге қосымша мотивация болатын шығар", - деді Ғалымжан Жылгелдиев.

    Сондай-ақ ол шәкірті Елдос Сметовтің алдағы уақыттағы жоспарлары туралы айтқан болатын.

    Естеріңізге сала кетейік, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елдегі бапкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында халықаралық тәжірибені елге әкеліп жатқанын айтқан еді.

    "Қазақстанда да мықты мамандар бар": Ғалымжан Жылгелдиев құрамаға шақыртылатын шетелдік бапкерлер туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.