jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Дзюдода бақ сынап көремін": "Қазақстан барысының" үш дүркін жүлдегері жоспарын бөлісті

    Нұрдәулет Жарылғапов
    Нұрдәулет Жарылғапов. Скриншот: youtube.com/@Otpannews

    Қазақ күресінен "Қазақстан барысы" турнирінің үш дүркін жүлдегері, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Нұрдәулет Жарылғапов алдағы жоспары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі Otpannews арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Нұрдәулет Жарылғапов биыл қазақ күресінен екі жарысқа, "Дала қыраны" мен әлем чемпионатына қатысатынын айтты.

    "Екі турнирде де жеңіске жеткен соң, дзюдода бақ сынап көрсем деген арманым бар. 2024 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионатына қатыса алмадым. Қазақ күресінен ел біріншілігінде сынға түсіп, жартылай финалда түркістандық балуаннан ұтылып қалдым. Кейін үшінші орын үшін белдесіп, қола жүлде иелендім. Осы жарыстан соң бапкерлеріммен ақылдасып, дзюдода күресуді келесі жылға қалдырдық. Дзюдодан Қазақстан чемпионатына дайындалып, бақ сынаймын", - деді Жарылғапов.

    Еске салайық, "Қазақстан барысы – 2024" турнирінде күміс жүлде еншілеген шымкенттік балуан Ерсұлтан Мұзаппаров үйленгенін жазғанбыз.

    "Дзюдода бақ сынап көремін": "Қазақстан барысының" үш дүркін жүлдегері жоспарын бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.