jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан еркін күрестен Гран-при турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды

    Эльмира Сыздықова
    Эльмира Сыздықова. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Қазақстандық еркін күрес шеберлері Гүлдана Бекеш пен Эльмира Сыздықова Францияның Ницца қаласында өткен Анри Деглан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Гран-при турнирінде Гүлдана Бекеш 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, Эльмира Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленген.

    "Бұл турнир спортшылар үшін жаңа маусымдағы алғашқы жарыс", - деп жазады olympic.kz сайты.

    Айта кетейік, былтыр Гүлдана Бекеш жастар арасында Азия чемпионатында қола медаль еншілесе, Эльмира Сыздықова 2024 жылы ересектер арасында құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанған еді.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шпагамен семсерлесуден Бахрейннің Манама қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алғанын жазған едік.

    Қазақстан еркін күрестен Гран-при турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.