Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду әлемдегі ең көп гол соққан үшінші футболшы атанды

Опубликовано:

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду дүниежүзіндегі ең көп гол соққан үшінші футболшы атанды. Оның алдын бразилиялық Ромарио мен футбол королі Пеле орап тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/cristiano
Фото: Instagram/cristiano: Instagram

"Ювентус" сұрмергені Италия чемпионатының 25-ші турында екі гол соғып, клубына кезекті үш ұпайды сыйлады.

Бұл португалиялықтың ресми кездесулердегі 722 голы. Осының арқасында Роналду 720 рет қақпашылардан айласын асырған неміс футболшысы Герд Мюллерді басып озып, көп доп соққан үшінші ойыншы атанды.

Рейтингтің бірінші сатысында 767 голы бар Пеле тұр. Екінші орынға футбол королінің отандасы Ромарио жайғасқан. Бразилиялық мансабында 734 доп соқты.

Айта кетейік, Криштиану Роналду өткен маусымда дүниежүзі бойынша Instagram желісі арқылы ең көп пайда тапқан адам болды.

Футболшы 2019-да 34 жарнамалық жазба жариялаған.

Осы қызметі арқылы "Ювентус" шабуылшысы демеушілерінен 38,2 миллион фунт алған (19,8 млрд теңге).

  • Демек оның Instagram желісіндегі бір жазбасы 780 000 фунт тұрады (391,7 млн теңге).

Футболшы көп жарнама жасаған брендтердің қатарында Nike, CR7 Play it Cool әтірі бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1839082-ronaldu-lemdegi-e-kp-gol-sokkan-sinsi-futbolsy-atandy/

pixel