jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Instagram-да 250 млн оқырман жинаған Роналду әлемдік рекорд орнатты

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: Getty Images/ Thananuwat Srirasant / Stringer

    Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналду Instagram желісінде ең танымал блогер атанды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Ювентус" клубының шабуылшысына Instagram-да 251,5 миллион оқырман жазылған.

    Спортшыдан кейін тізімде америкалық әнші, актриса Ариана Гранде тұр. Оның парақшасында 214,5 миллион адам бар.

    Үздік үштікті 207,7 миллион оқырман жинаған модель Кайли Дженнер түйіндеген.

    Ал Роналдудың спорттағы басты бәсекелесі саналатын аргентиналық Лионель Мессидің Instagram аккаунтына 174 миллион оқырман жазылған.

    Дегенмен желідегі Instagram-ның ресми парақшасын 382 миллион оқырман қарайды. Әзірге бұл межеге ешбір блогер жеткен жоқ.

    Еске сала кетсек, 2020 жылдың ең танымал 10 фотосы анықталған болатын. Бірінші орын Криштиану Роналдудың аңыз футболшы Диего Марадонамен түскен суретіне бұйырған.

    Марқұм аргентиналық шабуылшымен түскен суретін Instagram парақшасында жариялап, әсерлі жазба қалдырған Криштиану Роналдудың фотосына 19,7 миллион оқырман лайк басқан.

    Сонымен қатар 2020 жылдың 27 желтоқсанында футболдағы жетістіктер үшін берілетін "Globe Soccer Awards" сыйлығының иегерлері анықталған еді.

    "ХХІ ғасырдың үздік ойыншысы" номинациясы "Ювентус" клубының 35 жастағы футболшысы Криштиану Роналдуға берілді.

    Португалиялықпен бірге бақталасқа түскен – Месси, Мохамед Салах және Роналдиньо еді.

    Instagram-да 250 млн оқырман жинаған Роналду әлемдік рекорд орнатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.