RU

2020 жылы ең танымал болған 10 сурет

ФОто
Көрнекі фото: pexels.com

2020 жылдың ең танымал 10 фотосы анықталды. Бірінші орын Криштиану Роналдудың аңыз футболшы Диего Марадонамен түскен суретіне бұйырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетсек, 25 қараша күні әйгілі футболшы Диего Марадонаның қайтыс болғаны туралы хабарланды.

Аргентиналық шабуылшымен түскен суретін Instagram парақшасында жариялап, әсерлі жазба қалдырған Криштиану Роналдудың фотосына 19,6 миллион оқырман лайк басқан.

Екінші орынға ие болған сурет те қайғылы жағдаймен тікелей байланысты. Қалың көрерменге Marvel ұсынған "Қара пантера" фильмі арқылы танылған актер Чедвик Боузманның қазасы туралы жазба 19,1 миллион лайкқа ие болған. Сурет 28 тамыз күні жарық көрді.

Үздік үштікті Лионель Мессидің Марадонамен түскен суреті қорытындылады. Жазба 16,3 миллион лайк жинады.

Сонымен қатар, үздік ондыққа америкалық модель Кайли Дженнердің төрт суреті мен баскетболшы Леброн Джеймстің бір фотосы, Криштиану Роналдудың жанұясымен кешкі ас ішіп отырған сәті, атақты баскетбол жұлдызы Коби Брайант қазасының алдындағы жазбасы кірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891907-2020-zyly-e-tanymal-bolgan-10-suret/