Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Милан" футбол клубы он бір жылдан кейін Италия чемпионатын жеңіп алды (фото, видео)

Опубликовано:

футбол
Фото: Chris Ricco/Getty Images

"Милан" футбол клубы соңғы турда "Сассуолоны" ірі есеппен ұтып, ел біріншілігінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Матч 3:0 есебімен аяқталды. Барлық гол бірінші таймда соғылды.

"Миланның" шабуылшысы Оливье Жиру дубль жасаса, орталық жартылай қорғаушы Франк Кессье бір рет мергендігімен көзге түсті.

"Милан" клубының бас бапкері Стефано Пиоли маусымның үздік бапкері, ал Марк Меньян үздік қақпашысы атанды. Бұл - франциялық футболшының Италия чемпионатындағы дебюттік маусымы.

"Милан" мен ""Сассуоло" арасындағы кездесуден кейін марапаттау рәсімі өтті. "Россонерилер" тарихында 19-скудеттосын жеңіп алды және бұл көрсеткіш бойынша "Интерді" қуып жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Айнтрахт" футбол клубы Еуропа лигасының жеңімпазы атанғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1970496-milan-futbol-kluby-on-bir-zyldan-keiin-italiya-cempionatyn-zenip-aldy-foto-video/

pixel