Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 мыңнан асты

Опубликовано:

Түркиядағы жер сілкінісі
Түркиядағы құтқарушылар. Фото: Anadolu агенттігі

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 12 мыңнан асты. Бұл туралы Anadolu агенттігі Twitter парақшасында хабарлады.

Агенттіктің Түркия Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) деректеріне сілтеме жасап хабарлауынша, зілзаладан қайтыс болғандар саны 12 391 адамға жетті. Сонымен қатар зардап шеккендер саны 62 914-ке дейін өскен.

Еске салайық, 6 ақпан күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Ердоғанның айтуынша, бұл зілзала 1939 жылдан бергі ең жойқын жер сілкінісі.

Дүйсенбі күні түстен кейін магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Осы апатқа байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту күні жарияланып, табиғи апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай енгізілді.

Айта кетейік, Түркияда тағы да жерасты дүмпулері сезілді, сейсмологтар бұл жолы магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісін тіркеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008656-turkiyada-zer-silkinisinen-qaza-tapqandar-sany-12-mynnan-asty/

pixel