
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының ең қауіпті қарсыласын атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан футбол федерациясының Youtube желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Бұл туралы жартылай қорғаушы "ДНК футбола" бағдарламасында айтты.
"Сан-Марино - ең қауіпті қарсылас. Психологиялық тұрғыдан ең бастысы босаңсуға болмайды және матчқа дайын болу керек", - деді Аслан Дарабаев.
Қазақстан құрамасы мен Сан-Марино арасындағы матч 16 маусым күні Италияның Парма қаласында өтеді.
Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы наурызда Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді. Алдымен отандық футболшылар Словенияға (1:2) есе жіберсе, екінші турда Даниядан (3:2) басым түсіп, сенсация жасады.
Осыдан соң ұлттық команда Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте үш сатыға көтерілді.
2 турдан кейін Н тобындағы жағдай:
Словения - 6 ұпай,
Дания - 3 ұпай,
Қазақстан - 3 ұпай,
Финляндия - 3 ұпай,
Солтүстік Ирландия - 3 ұпай,
Сан-Марино - 0 ұпай.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015847-euro-2024-irikteu-kezenindegi-qazaqstan-quramasynyn-en-qauipti-qarsylasy-belgili-boldy/