jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    22 жастағы Холанд тағы бір рекорд орнатты

    Футболист Эрлинг Холанд
    Эрлинг Холанд. Фото: Visionhaus/Getty Images

    "Манчестер Сити" мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд футболдан Ағылшын біріншілігінде рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    22 жастағы футболшы бір маусымда 20 клубқа гол соққан "Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салахтың рекордын қайталады.

    Сонымен қатар Эрлинг Холанд ағылшын біріншілігінің алғашқы маусымында 33 рет мергендігімен көзге түсіп, мысырлық сұрмергеннің 2017-2018 жылғы көрсеткішінен (32) асып кетті.

    АПЛ-дың абсолюттік рекорды (34 гол) Энди Коул ("Ньюкасл", 1993-1994) және Алан Ширерге ("Блэкберн", 1994-1995) тиесілі. Алайда олар бұл нәтижеге 42 турдан туратын біріншілікте қол жеткізген болатын. Қазіргі уақытта чемпионаты 38 турдан тұрады.

    Еске сала кетейік, 33-турда "Манчестер Сити" өз алаңында көш басында келе жатқан "Арсенал" клубын қабылдады. Тартысты өткен ойында Пеп Гвардиоланың шәкірттері 4:1 есебімен жеңіске жетті. Матчтың нүктесін кездесудің соңғы минутында Эрлинг Холанд қойды.

    22 жастағы Холанд тағы бір рекорд орнатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.