jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан сапында ойнайтын ең қымбат он футболшы кім

    футбол
    Асхат Тағыберген мен Бақтиер Зайнутдинов жасыл алаңда. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

    Tranfermarkt порталы Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсететін қымбат футболшылардың тізімін жариялады. Төрт ойыншының нарықтағы құны бір миллион еуродан асады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қазақстан ұлттық құрамасының ең қымбат футболшы болып Бахтиер Зайнутдинов танылды. Мәскеулік ЦСКА сапында доп тебетін жартылай қорғаушының бағасы бес миллион еуро.

    Екінші сатыда "Зенит" клубының қорғаушысы Нұралы Әліп жайғасқан. Оның құны 1,2 миллион еуроны құрайды.

    Үздік үштіктің қатарында қазіргі уақытта клубсыз жүрген Александр Меркель мен "Ахмат" ойыншысы Марат Быстров бар (1 миллион еуро).

    Қазақстан ұлттық құрамасында доп тебетін ең қымбат он ойыншы:

    1. Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА) - 5 миллион еуро;

    2. Нұралы Әліп ("Зенит") - 1,2 миллион еуро;

    3. Александр Меркель (клубсыз) - 1 миллион еуро;

    4. Марат Быстров ("Ахмат") - 1 миллион еуро;

    5. Абат Айымбетов ("Астана") - 900 мың еуро;

    6. Асхат Тағыберген ("Ордабасы") - 850 мың еуро;

    7. Георгий Жуков ("Цанчжоу Майти Лайонс") - 750 мың еуро;

    8. Темірлан Ерланов ("Ордабасы") - 700 мың еуро;

    9. Артур Шушеначев ("Қайрат") - 700 мың еуро;

    10. Максим Самородов ("Ақтөбе") - 700 мың еуро.

    Еске сала кетейік, бұған дейін самаралық "Крыльев Советов" клубының футболшысы Александр Зуев Қазақстан азаматтығын алған болатын. Оның нарықтағы бағасы 1 миллион еуро.

    Қазақстан сапында ойнайтын ең қымбат он футболшы кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.