jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Мұсылманмын": Бензема неліктен сауд арабиялық клубқа ауысқанын түсіндірді

    Карим Бензема
    Карим Бензема. Фото: Twitter/Ittihad Club

    "Алтын доп" иегері Карим Бензема алғаш рет Сауд Арабиясының чемпионатында өнер көрсететін клубқа ауысуы жайлы пікір білдірді. Бұл туралы Goal сайты хабарлайды.

    Франциялық шабуылшы клубтың каналына берген сұхбатында Сауд Арабиясында өнер көрсететін ұжымға неліктен ауысқанын түсіндірген.

    "Өйткені мен мұсылманмын. Ал Сауд Арабиясы ислам дінін ұстанатын ел. Мен үнемі осында тұруды ойлағанмын", - деді Карим Бензема.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Карим Бенземаның Сауд Арабиясында өнер көрсететін "Әл-Иттихад" клубының ойыншысы атанғанын жазған едік.

    Ұжым франциялық сұрмергенмен 2026 жылға дейін келісімшартқа отырды.

    "Мұсылманмын": Бензема неліктен сауд арабиялық клубқа ауысқанын түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.