jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев спорт ардагері Сейілда Байшақовтың дүниеден өтуіне байланысты оның жақындарына көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт ардагері Сейілда Байшақовтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Президент қазақ футболының аңызына айналған даңқты спорт ардагері Сейілда Байшақовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдаған.

    "Сейілда Икрамұлы "Қайрат" футбол командасының сапында көп жыл бойы өнер көрсетіп, жасындай жарқыраған еді. Білікті бапкер ретінде жастарды жеңіске жетудің қыр-сырына үйретіп, елімізде осы спорт түрінің дамуына зор үлес қосты.

    Өмірде адал еңбек етіп, өшпес із қалдырған Сейілда Икрамұлының есімі мен бейнесі мәңгі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

    Айта кетейік, қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында мәңгілік сапарға аттанды.

    Тоқаев спорт ардагері Сейілда Байшақовтың дүниеден өтуіне байланысты оның жақындарына көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.