jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Футболдарың мен үшін түк емес": Қуат Хамитов ұлттық құрама ойыншыларын сынға алды

    Қуат Хамит
    Қуат Хамит. Фото: instagram/kuat__khamitov

    Қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдызы Қуат Хамитов Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңінің 8-турында Финляндияны жеңген Қазақстан құрамасына қатысты ойын айтты. Спортшы отандастарын сынға алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қуат Хамитов ұлттық құраманың жеңісіне қатысты өткір пікірін Instagram желісінде білдірген.

    "Жігіттер, сендер не істеп, кімді және қалай жеңсеңдер де, азаппен келген ақшаны ешқашан қайтара алмайсыңдар. Күндіз-түні ауыр жұмыста жүріп, сендерге берілген ақшаны өтей алмайсыңдар! Сендерге қарапайым адамдардың миллиардтаған теңгесі кетті. Бірақ сендерде әлі де мүмкіндік бар. Әлем немесе Еуропа чемпионы болыңдар, сонда осы жылдар бойы азап шеккен халықтың маңдай терін өтей аласыңдар. Сол кезде құрметтеуге болады. Ал әзірге мен үшін сендердің футболдарың түк емес. Осымен бұл тақырыпты жабайық", - деп жазды спортшы.

    Ал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Қазақстан футбол құрамасын жетістігімен құттықтап, сәттілік тіледі.

    "Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтаймын. Қазақстан алға", - деп жазды ол парақшасында.

    17 қазанда Қазақстан құрамасы ЕУРО-2024 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Финляндия командасымен кездесті. Тартысты матчта отандастарымыз камбэк жасап, тарихи жеңіске жетті.

    "Футболдарың мен үшін түк емес": Қуат Хамитов ұлттық құрама ойыншыларын сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.