jitsu gif
Спорт

    "Мән берудің қажеті жоқ": Ұлан Қонысбаев Қуат Хамитовтың сынына жауап берді

    Ұлан Қонысбаев
    Ұлан Қонысбаев. Фото: Instagram/konysbayev7

    Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев аралас жекпе-жек спортшысы Қуат Хамитовтың желідегі пікіріне қатысты ойын айтты. Ол күні кеше Финляндияны жеңген ұлттық құраманы сынға алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қонысбаев Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұхбаты кезінде ұлттық құраманың ойынына қатысты пікір білдірді.

    Бұрынғы футболшы Қуат Хамитовтың пікіріне мән бермеуге шақырды.

    "Ондай адамдарға мән берудің қажеті жоқ. Олар айтып-айтып қояды. Ал біздің Еуропа чемпионатына шығуға тамаша мүмкіндігіміз бар. Егер Дания Словенияны жеңіп, біз Сан-Марино мен Словениядан басым түссек, Қазақстанда той болады. Тіпті шыға алмасақ та, жанкүйерлердің құрама ойынына көңілі толатын секілді. Өтіп жатсақ, қанекей. Еуропаны біраз шулатушы едік, – деді Қонысбаев.

    Айта кетейік, аралас жекпе-жек жұлдызы Қуат Хамитов күні кеше сырт алаңда жеңіске жеткен Қазақстан футбол құрамасын сынға алған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.