jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақша үшін ауысқым келмеді": Азар мансабын неге ерте аяқтағанын түсіндірді

    Эден Азар алаңда
    Эден Азар алаңда. Фото: Michael Steele / Getty Images

    Футболдан Бельгия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Эден Азар мансабын не себепті ерте аяқтағанын түсіндірді. Спортшы ойыннан ләззат алмай кеткен соң, футболмен қош айтысуды жөн көрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    32 жасында футболшы мансабын аяқтаған Азар бұл шешімді қабылдау оңайға соқпағанын жеткізді.

    Спортшы қомақты ақша үшін басқа клубқа барғысы келмеген.

    "Бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Бұл туралы ұзақ ойландым. Менде футболдан басқа көп нәрсе бар, сондықтан байыпты таңдау жасай алдым. Бұл туралы ұлттық құрамадағы мансабымды аяқтаған кезде ойладым. "Реалда" қиын кезеңді бастан өткердім. Ойыннан ләззат алуды тоқтатқан кезде футболдан кететінімді айтатынмын. Ақша үшін басқа клубқа ауысқым келмеді. Бұл ең жақсы шешім болды", - деді Азар L'avenir басылымына берген сұхбатында.

    Айта кетейік, бұған дейін Эден Азардың кәсіби мансабын аяқтағанын хабарлаған едік.

    "Ақша үшін ауысқым келмеді": Азар мансабын неге ерте аяқтағанын түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.