Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік журналистер Зайнутдиновтың тарихи жетістігіне тәнті болды

Опубликовано:

Бахтиер Зайнутдинов ойын кезінде
Бахтиер Зайнутдинов ойын кезінде. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Түркиялық және шетелдік басылымдар қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновтың ұлттық құрама сапындағы тарихи жетістігіне қатысты пікір білдірді. Олар футболшының ойнына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Түркияның "Cine1haber.com" сайты "Бешікташ" ойыншысы Бахтиер ұлттық құрамасында үздік сұрмергендер көшін бастағаны жайлы жазды.

"Бешікташтың" қазақстандық жұлдызы Бахтиер Зайнутдинов өз елінде тарихи жетстікке қол жеткізді. Зайнутдинов 25 жасында ұлттық құрама үшін 14 гол соғып, Қазақстан тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Қазақстанда одан көп гол салған адам жоқ", - деп жазды басылым.

Сондай-ақ, мәскеулік ЦСКА да Зайнутдиновтың жетістігіне пікір білдірді.

"Бұл жаңалықты назардан тыс қалдыра алмадық. Бахтиер Зайнутдинов - Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Финляндияға қарсы ойында Баха дубль жасап, 14 голымен елінің үздік шабуылшысы болды", - деп жазды ЦСКА баспасөз қызметі.

ЕУРО-2024 іріктеу матчында Финляндия қақпасына екі гол салған қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов командасына жеңіс қана алып келмей, футболдан Қазақстан құрамасы тарихындағы сұрмергендер тізімінде көш бастады.

Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапындағы 13 және 14-голын соғып, ең үздік сұрмерген атанды. Бұған дейін аталмыш рекорд Руслан Балтиевке (13 гол) тиесілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2041835-seteldik-zurnalister-zainutdinovtyn-tarixi-zetistigine-tanti-boldy/

pixel