Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Магомед Адиев Сан-Мариноға қарсы жеңісті ойыннан кейін жанкүйерлерге үндеу жасады

Опубликовано:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін Словения құрамасына қарсы өтетін шешуші матч алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Астана Арена" стадионында өткен Қазақстан мен Сан-Марино матчы аншлагпен аяқталды. Ойынға отыз мыңнан астам адам келді (ҚФФ дерегі бойынша 30 100). Жанкүйерлердің белсенді қолдау көрсеткенін Қазақстан құрамасының бас бапкері де атап өтті.

"Көп адам өз ұлттық құрамасын көргісі келді, әрине, фантастикалық сандар. Біз футболды тамашалауға келгендердің барлығына алғыс айтамыз. Футболға келгісі келгенімен, бірақ өкінішке қарай, бір себеппен көре алмаған азаматтарға да алғыс айтамыз. Сіздерге алғыс айтамын! Қолдауыңыз үшін рахмет! Біз де сіздерді қуантуға тырысамыз. Словениядан ұшып келгенде барлық футбол жанкүйеріне және теледидар алдында біз үшін алаңдағандардың бәріне үлкен мереке сыйлаймыз деп үміттенеміз. Біз бар күшімізді саламыз", - деді Магомед Адиев.

Айта кетейік, кеше, 17 қарашада Қазақстан өз алаңында Сан-Марино құрамасын қабылдап, 3-1 есебімен жеңіске жетті. Ислам Чесноков дубль авторы атанса, Абат Айымбетов бір гол соқты.

Сонымен қатар Словения мен Дания арасында да матч өтті. Кездесу даниялықтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Дания құрамасынан Йоаким Меле мен Томас Дилейни гол салса, словениялықтар қатарында Эрик Янжа көзге түсті.

Осылайша, Дания 22 ұпай жинап, Еуро-2024-ке жолдама алды. Екінші тікелей жолдаманы Қазақстан мен Словения құрамалары сарапқа салатын болады.

Қазіргі сәтте словениялықтар 19 ұпаймен екінші орында, қазақстандық команда 18 ұпаймен үшінші орында тұр.

Ел тұрғындары үшін тарихи матч 21 қарашада өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2046419-magomed-adiev-san-marinoga-qarsy-zenisti-oiynnan-keiin-zankuierlerge-undeu-zasady/

pixel