jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аяқталды

    Рамазан Оразов
    Рамазан Оразов. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

    2024 жылы футболдан Германияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезең аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    2023 жылдың наурыз айында басталған іріктеу турнир мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 2024 жылы Германияда өтетін футболдан Еуропа чемпионатына 21 команда тікелей жолдама алды. Қалған 3 жолдама Ұлттар лигасы арқылы сарапқа салынады.

    Айта кетейік, Португалия ұлттық құрамасы Еуро-2024-ке іріктеу турниріндегі барлық ойында жеңіске жеткен жалғыз команда. Бұл нәтижені Франция ұлттық құрамасы қайталауға жақын болғанымен, соңғы турда Грекия ұлттық құрамасымен 2:2 есебін тіркеп, тең ойнап қалды.

    Еске салайық, осыған дейін Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің ең үздік сұрмергендер тізімін жариялап едік.

    2024 жылғы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алған 21 құрама:

    • Германия;
    • Түркия;
    • Испания;
    • Франция;
    • Португалия;
    • Бельгия;
    • Шотландия;
    • Австрия;
    • Англия;
    • Венгрия;
    • Словакия;
    • Албания;
    • Дания;
    • Швейцария;
    • Нидерланд;
    • Румыния;
    • Сербия;
    • Словения;
    • Италия;
    • Чехия;
    • Хорватия.

    Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасы іріктеу ойындарының соңғы турында Словенияға 2:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтаған еді. Алайда қазақстандық футболшылар наурыз айында Ұлттар лигасының плей-офф ойындарына қатысады.

    2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.