jitsu gif
Спорт

    "Сен үздіксің": жанкүйерлердің сынына ұшыраған Ян Вороговскиге әріптестері қолдау білдірді

    Футболшы Ян Вороговский
    Ян Вороговский. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

    Словенияға қарсы матчтан кейін жанкүйерлердің сынына ұшыраған Ян Вороговскиді командаластары қолдап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    20 қараша футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары аясында Словения командасымен кездесті. Любляна қаласында өткен кездесу алаң қожайындары Словенияның пайдасына шешілді (2:1). Осы ойынның нәтижесі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы іріктеуден өте алмай қалды.

    Матчтың 40-минутында Ян Вороговский айып алаңының ішінде ереже бұзып, Қазақстан құрамасының қақпасына пенальти алып келген еді. Словениялық шабуылшы Шешко 11 метрлік айып добын сәтті орындап, есеп ашты. Сол кездесуден кейін қазақстандық жанкүйерлер Янның Instagram-дағы парақшасына сын-пікірлерін жаза бастады.

    Осы жағдайдан кейін Қазақстан футбол федерациясы Instagram-дағы ресми парақшада Янға қолдау білдіру үшін пост жариялады. Вороговскиге ұлттық құрамада бірге ойнайтын әріптестері де қолдау білдірді.

    "Вороговский, бауырым, сен үздіксің!", – деді Рамазан Оразов.

    Рамазан Оразовтың Instagram-stories-і
    Рамазан Оразовтың Instagram-stories-і. Фото: instagram/ramazanorazov

    "Біз жеңілсек те, жеңсек те біргеміз! Вороговский, сен үздіксің!", – деп жазды Марат Быстров.

    Марат Быстровтың Instagram-stories-і
    Марат Быстровтың Instagram-stories-і. Фото: instagram/marat_bystrov

    "Біздің бауырымыз, жеңіс пен жеңілісте де біргеміз!", – деді Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий.

    Игорь Шацкийдің Instagram-stories-і
    Игорь Шацкийдің Instagram-stories-і. Фото: instagram/shats_30

    Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына әлі де жолдама жеңіп ала алады. Ол үшін көктемде болатын Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде жақсы нәтиже көрсету керек.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.