jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Футболшы Ислам Чесноков ресейлік клубқа ауысуы мүмкін

    Ислам Чесноков
    Ислам Чесноков. Фото: instagram/chesnokov46

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков Ресей Премьер-лигасында ойнайтын командаға ауысуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Тобол" футбол клубының ойыншысы Ислам Чесноков Ресей Премьер-лигасында ойнайтын "Ахмат" ұжымына ауысуы мүмкін. Айта кетейік, Ислам 2023 жылдың қаңтар айында "Ахмат" клубының Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан еді. Ал Чесноковтың қазіргі келісімшарты 2023 жылдың 31 желтоқсаны аяқталады.

    meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, қазақстандық "Тобол" футбол клубы мықты ойыншыны жібергісі жоқ. Қостанайлық ұжым жартылай қорғаушыға жаңа келісімшарт ұсынып қойған екен.

    Айта кетейік, Ислам Чесноков "Тобол" футбол клубы сапында 2023 жылғы Қазақстан кубогы иегері атанды. Астанада өткен финалдық кездесуде "Ордабасының" қақпасына гол салып, командасына жеңіс сыйлаған еді.

    Еске салайық, 24 жастағы Ислам Чесноков Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымында 34 матч өткізіп, 8 гол мен 4 ассист жасады. Transfermarkt порталы ойыншының нарықтағы құнын 400 мың еуроға бағалап отыр.

    Футболшы Ислам Чесноков ресейлік клубқа ауысуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.