jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    Жарақат алған Бахтиер Зайнутдинов бетпердемен ойнауы мүмкін

    Бахтиер Зайнутдинов
    Бахтиер Зайнутдинов. Фото: bjk.com.

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және "Бешікташ" клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов алдағы ойындарға қатысуы мүмкін. Бұл туралы "Бешікташ" клубының бас бапкері Рыза Чалымбай "Брюггеге" қарсы матч алдында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Түркияның "Бешікташ" командасы УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінің 5-турында Бельгияның "Брюгге" командасымен кездеседі.

    "Жеті-сегіз ойыншымыз жарақат алып қалды. Дәл мұндай көп жарақат алған кезді көрген жоқпын. Бірінші рет осындай жағдайға тап келдім. Неге бұлай болғанын өзім де білмеймін. Жастар командасынан ойыншылар алып, құрамды толықтырдық.

    Неджип Уйсал мен Омар Коллиге сенім артуға болады, бірақ Неджип жарыстан шеттетілді. Үміт Мераш тізімде болмағандықтан сол қапталда ойнайтын қорғаушы жоқ. Сондықтан Бахтиер Зайнутдинов бетпердемен ойнап қалуы мүмкін", — деді клубтың бас бапкері.

    "Бешикташ" — "Брюгге" матчы 30 қарашада Ыстамбулда Астана уақытымен 23:45-те басталады. Түркиялық клубтың плей-оффқа шығуға мүмкіндігі аз.

    Еске салайық, Бахтиер Зайнутдинов "Бешікташ" – "Ыстамбұл Башакшехир" матчында жарақат алып, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Сан-Марино және Словенияға қарсы матчтарға қатыса алмады.

    Жарақат алған Бахтиер Зайнутдинов бетпердемен ойнауы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.