Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде екі сатыға төмендеді

Опубликовано:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Liam McBurney/PA Images via Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA қауымдастығының рейтингінде бірнеше сатыға төмендеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ FIFA-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан ұлттық құрамасы жаңартылған рейтингте екі сатыға төмендеді. Яғни 98-орыннан 100-сатыға жылжыды.

Ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингі
Ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингі. Скриншот: www.fifa.com

Еске салайық, Қазақстан құрамасы қараша айында екі ойын өткізді. 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Сан-Марино құрамасын қабылдап, 3:1 есебімен жеңді. Топтық кезеңнің шешуші ойынын сырт алаңда Словения командасына қарсы өткізді. Алайда 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

FIFA қауымдастығының жаңартылған рейтингінде бірінші орында тұрған команда – Аргентина ұлттық құрамасы. Аргентиналықтар 2022 жылы Қатарда өткен футболдан Әлем чемпионатының жеңімпаздары.

Ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингі
Ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингі. Скриншот: fifa.com

Айта кетейік, Швецарияның Ньон қаласында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі өткен еді. Жеребе қорытындысы бойынша футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы көктемде өтетін Ұлттар лигасындағы екі матчты да сырт алаңда ойнайды. Жартылай финалдағы қарсылас Грекияны жеңген жағдайда Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының жолдамасын сарапқа салу үшін Грузия немесе Люксембургке аттанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2048597-futboldan-qazaqstan-quramasy-fifa-reitinginde-eki-satyga-tomendedi/

pixel