Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Юнайтед" Чемпиондар лигасынан ұшып кетсе де, Хойлунд турнирде қалды

Опубликовано:

Расмус Хойлунд
Расмус Хойлунд. Фото: James Baylis - AMA/Getty Images

Кеше, 12 желтоқсан "Манчестер Юнайтед" сапында ойнайтын Расмус Хойлунд Чемпиондар лигасымен қош айтысты. Бірақ оның егіз інілері Оскар Хойлунд пен Эмиль Хойлунд турнирдегі жорықтарын жалғастырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Расмус Хойлундтың інілері Оскар Хойлунд пен Эмиль Хойлунд жорығын ары қарай жалғастырады. Екеуі де "Копенгаген" футбол клубының намысын қорғайды.

Оскар Хойлунд – 18 жастағы жартылай қорғаушы

Оскар – алаңның ортасында өнер көрсететін футболшы. Гол соғу қабілеті де бар. Өткен жылы "Копенгаген U19" командасы сапында 29 матч өткізіп, 8 гол соққан. Қазір даниялық команданың негізгі құрамына шақырту алып жүрген жас талант.

Оскар Хойлунд
Оскар Хойлунд. Фото: Daniel Derajinski/Icon Sport via Getty Images

Оскар Чемпиондар лигасында ойнап үлгерді, ал Эмиль қосалқы құрамда болды. Бірақ Эмиль жастар арасындағы Чемпиондар лигасында ойқастап, "Ман Юнайтедтің" U19 командасын жарыс жолынан шығаруға көмектескен еді.

Эмиль Хойлунд – 18 жастағы шабуылшы

Эмиль үлкен ағасы Расмус сияқты шабуыл шебінде ойнайды. Алайда ойын өрнегі бөлек. Расмус тек шабуылды түйіндейтін футболшы болса, Эмиль сол шабуылдарға өзі де қатыса алады. Алаңның ортасына дейін келіп, әріптестерімен пас алмасу қабілеті бар ойыншы. "Копенгаген" командасының негізгі құрамындағы алғашқы ойынын 2022 жылы өткізді. Чемпиондар лигасының кезекті турында ПСВ командасына қарсы алаңға шыққан еді.

Емиль Хойлунд
Емиль Хойлунд. Фото: Lars Ronbog / FrontZoneSport via Getty Images

Айта кетейік, "Манчестер Юнайтед" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде екі рет төртінші орын алған алғашқы англиялық клуб атанды. Бұған дейін 2005/2006 жылғы маусымда тобында соңғы сатыға тұрақтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2050678-mancester-yunaited-cempiondar-ligasynan-usyp-ketse-de-xoilund-turnirde-qaldy/

pixel