Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзал: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді жеңіспен аяқтады

Опубликовано:

Футзалдан Қазақстан құрамасы
Футзалдан Қазақстан құрамасы. Фото: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы кездесуінде Румыния құрамасын жеңіп кетті. Бухарест қаласында өткен матч 0:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін сенімді жеңіспен аяқтады. Отандастарымыз сырт алаңда Румыния құрамасынан басым түсті (0:2).

Ұлттық құрама сапынан Шыңғыс Есенаманов ойынның 8-минутта есеп ашты. Кейін 26-минутта Біржан Оразов есепті еселеді.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы элиталық іріктеу кезеңіндегі барлық ойында жеңіске жеткен жалғыз команда болып табылады. Отандастарымыз алты кездесуде ұпай жоғалтпады.

Бұған дейін 14 желтоқсанда футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерланд командасын жеңіп, 2024 жылғы әлем біріншілігіне жолдама алғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2051790-futzal-qazaqstan-quramasy-alem-cempionatyna-irikteudi-zenispen-ayaqtady/

pixel