jitsu gif
Спорт

    "Қайрат", "Спартак" және "Әл-Ахли" футбол клубтары халықаралық турнирде кездеседі

    "Қайрат" футбол клубы
    "Қайрат" футбол клубы. Фото: instagram/f.c.kairat

    "Қайрат" командасы РПЛ-дың қысқы кубогына қатысады. Халықаралық турнир 2024 жылдың ақпан айында Абу-Даби қаласында өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қайрат" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Халықаралық турнирге Ресей Премьер лигасында ойнайтын мәскеулік "Спартак", "Ростов" командалары және "Шабаб Әл-Ахли" өнер көрсетеді. Дубайлық команда БАӘ-нің 7 дүркін чемпионы. Турнир ақпан айының басында өтеді. Төрт команда жеке дара кездеседі. Нәтижесінде ең жоғары ұпай иеленген команда турнир жеңімпазы атанады.

    "Қайрат" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының өткен маусымында 4-орын иеленген еді. Ал аталмыш кубоктағы қазақстандық команданың алғашқы қарсыласы әзірге белгісіз.

    РПЛ-да "Спартак" 5-орында келе жатса, "Ростов" 11-орында. "Шабаб Әль-Ахли" болса БАӘ-нің осы маусымдағы чемпионатында 2-орынында келе жатыр.

    Айта кетейік, РПЛ Кубогы Абу-Дабидағы "Аль-Нахайян" алаңында өтеді.

    "Қайрат", "Спартак" және "Әл-Ахли" футбол клубтары халықаралық турнирде кездеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.