jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Криштиану Роналдуға "Арсенал" футбол клубына ауыс деген ұсыныс жасалды (видео)

    Конор Макгрегор мен Криштиану Роналду
    Конор Макгрегор мен Криштиану Роналду. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    "Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Эр-Риядта өткен бокс кешіне қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Әл-Наср" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабияда өткен бокс кешіне келіп, жекпе-жектерді алдыңғы қатардан тамашалады. Ал оның жанында британдық бокс промоутері Френк Уоррен та болды.

    Twitter әлеуметтік желісіне жарияланған видеода Уоррен Роналдуға меңзеп:

    "Ол "Арсеналмен" келісімшартқа отырып жатыр", – деді әзілдеп. Португалдық футболшы оған күліп қана жауап қайтарды.

    Еске салайық, 38 жастағы Роналду 2023 жылдың қаңтар айынан бастап "Әл-Наср" футбол клубында ойнайды. Сауд Арабиялық команда сапында 42 матч өткізіп, 35 гол соғып және 13 ассист жасады.

    Криштиану Роналдуға "Арсенал" футбол клубына ауыс деген ұсыныс жасалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.