jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Манчестер Юнайтед" футбол клубының жаңа акционері белгілі болды

    "Манчестер Юнайтед" футбол клубы
    "Манчестер Юнайтед" футбол клубы. Фото: Julian Finney/Getty Images

    "Манчестер Юнайтед" футбол клубы сатылымға шыққан соң, араға бір жыл салып британдық миллиардер Джимм Рэтклифф клубтың миноритарлық үлесін сатып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNBC порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    INEOS нефтехимиялық компаниясының иесі, Ұлыбританияның ең бай адамдарының бірі Джим Рэтклифф Ағылшын Премьер лигасының жиырма дүркін чемпионы "Манчестер Юнайтед" футбол клубының 25% үлесін сатып алды.

    Клуб өкілдері келісімшарт бойынша Рэтклифф клубтың спорттық мәселелері үшін жауапкершілікті өз мойынына алатынын айтты. Келісімшарт стадионды қайта құруды қаржыландыру үшін 300 миллион долларды қосқанда шамамен 1,6 миллиард долларды құрайды. Десе де келісімшарт әлі Премьер лиганың мақұлдауына ие болу керек.

    Рэтклифф алғашында клубтың 60% акциясын сатып алғысы келгенімен, басқа үлескерлер Аврам және Джоэла Глейзерлер қарсылық танытқан екен. United порталының хабарлауынша, келісімшарт толығымен Джим Рэтклиффтің Trawlers Limited компаниясының қаржыландыруымен жасалады.

    "Манчестер Юнайтед" футбол клубының жаңа акционері белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.