jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Грузияның үш дүркін чемпионы: "Қайрат" футбол клубы жаңа ойыншысын таныстырды

    Гиорги Зариа
    Гиорги Зариа. Фото: instagram.com/zaria.7/

    Грузия Ұлттық құрамасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы "Қайрат" футбол клубына ауысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілішісі "Қайрат" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Гиорги Зариамен жасалған келісімшарттың мерзімі 2025 жылдың соңына дейін.

    Футболшы кәсіби мансабын грузиялық "Саско" футбол клубынан бастаған. 2015 жылы "Динамо" құрамасына ауысып, бес жарым жыл команда сапында ойнаған. "Динамомен" бірге Грузияның үш дүркін чемпионы атанып, екі мәрте ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған.

    Соңғы үш жыл "Динамо" футбол клубында 39 матч өткізіп, 9 гол салып, 5 нәтижелі пас берді. Нәтижесінде команданың алтын медаль жеңіп алуына орасан зор үлес қосқан.

    Айта кетейік, Зариа Гиорги 2021 жылдың күзінде Грузия Ұлттық құрамасының сапында Испаниямен өткен матчта бастапқы құрамда шығып, дебют жасады.

    Грузияның үш дүркін чемпионы: "Қайрат" футбол клубы жаңа ойыншысын таныстырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.