jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Ресей Премьер лигасының президенті: "Қайрат" – Қазақстанның футбол бренді

    "Қайрат" футбол клубы
    "Қайрат" футбол клубы. Фото: instagram/f.c.kairat

    РПЛ Президенті Александр Алаев РПЛ-2024 қысқы кубогына қатысушылар қалай таңдалғаны туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Абу-Дабиде 2-14 ақпан аралығында өтетін турнирде ресейлік "Спартак", "Ростов", Сауд арабиялық "Әл-Ахли" және алматылық "Қайрат" командалары бақ сынайды.

    "Қатысушылар қалай таңдалды? Біз бірінші барлық футбол клубтарының ойын біліп, кім қатысуға дайын екенін анықтадық. Кейін формат бойынша шешім қабылдадық. Бізде 4 немесе 8 команда болады деген екі нұсқа болды. Сондай-ақ турнирді оңтайлы құраммен-екі ресейлік команда және екі шетелдік құраммен халықаралық деңгейге көтеру идеясы болды".

    "РПЛ-дың атынан "Ростов" пен "Спартак" құрамаларын шығару өте дұрыс шешім болады деп есептедік. Ал қалған екі команда өте мықты ұжымдардың бірі. "Зенитпен" жақсы ойнап шыққан "Қайрат" көршілес мемлекеттің көп жанкүйері мен өзіндік тарихы бар бренді. Сонымен қатар бәрімізге таныс Марко Николич басшылық жасайтын БАӘ-нің чемпионы қатысады", – деді Алаев.

    Айта кетейік, "Қайрат" футбол клубы аталған үш командадан бөлек "Локоматив" құрамасымен де ойнайды. Кездесу 4 ақпанға белгіленді.

    Ресей Премьер лигасының президенті: "Қайрат" – Қазақстанның футбол бренді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.