jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасының капитаны әлемнің үздік қақпашысы атағына таласады

    Қазақстандық футзалшы Лео Игита
    Лео Игита. Фото: kff.kz

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы және капитаны Лео Игита Futsal Awards премиясының "Жылдың үздік қақпашысы" атағына үміткерлер қатарына енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Futsalplanet.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Futsal Awards премиясы футболдағы "Алтын доптың" баламасы саналады.

    Қазіргі уақытта 2022 жылдың қорытындысы бойынша үміткерлердің тізімі шықты, өйткені былтыр бұл марапат берілмеді.

    Лео Игитадан бөлек, "Жылдың үздік қақпашысы" атағына тағы 9 спортшы үміткер. Олардың арасында ресейлік "Ухта" командасының қақпашысы бразилиялық Гитта да бар.

    Десе де, Игита премия тарихында мұндай атаққа ең көп қол жеткізген қақпашы болып отыр. Осыған дейін ол 5 рет үздік деп танылған.

    2023 жылдың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі кейінірек өтеді. Үміткерлердің есімі әлі жарияланған жоқ.

    "Әлемнің үздік қақпашысы-2022" атағына үміткерлер:

    • Андре Мело Бандейра Алмейда Соуза ("Бенфика", Португалия);
    • Дидак Плана Ольтра ("Барселона", Испания);
    • Джованни Гонсалес ("Серро Портеньо", Парагвай);
    • Тьяго Мендес Роча немесе Гитта ("Спортинг", Бразилия);
    • Леонардо Де Мело Виейра Лейте немесе Игита ("Қайрат", Қазақстан);
    • Гильерме Куромото ("Тачикава Атлетик", Жапония);
    • Лукас Кассио де Оливейра ("Коринтианс Паулиста", Бразиллия);
    • Саид Момени ("Кроп Алванд", Иран);
    • Николас Сармьенто ("Реал Бетис", Аргентина);
    • Диего Ронкальо ("Бенфика" - "Андерлехт", Бразилия).

    Айта кетейік, Лео Игита осыған дейін Futsalplanet Awards сыйлығын 2015, 2016, 2018, 2019 және 2020 жылдары жеңіп алған еді.

    Қазақстан құрамасының капитаны әлемнің үздік қақпашысы атағына таласады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.