jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалдан Қазақстан кубогының қола жүлдегері анықталды

    "Ақтөбе" ойыншысы
    "Ақтөбе" ойыншысы Қайрат Иманалин. Фото: instagram.com/mfcaktobe

    Түркістан қаласында "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футзал командалары Қазақстан кубогының қола жүлдесі үшін сайысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кездесуде "Ақтөбе" клубы 1:6 есебімен жеңіп, футзалдан Қазақстан кубогының үшінші орын иегері атанды.

    Ойын есебін алғашқы таймда ақтөбелік Егор Нулет ашты. Одан кейін Бекжан Дәулетов есепті еселеді. Келесі таймда Егор Нулет басымдықты арттырып, екінші голын соқты. Артынша Қайрат Иманалин төртінші голдың, Владимир Жигалко бесінші голдың авторы атанды. Кейін Қайрат Иманалин дубль жасап, тағы бір голды қарсыластың қақпасына дәл бағыттады.

    Осы матчтағы "Ордабасының" жалғыз голын Берік Исмайылов соқты.

    Еске салайық, 28 желтоқсанда футзалдан Қазақстан кубогының жартылай финалы өткен еді. Бірінші жартылай финалда "Қайрат" пен "Ордабасы" ойнап, алматылық команда 0:6 есебімен басым түсті. Ал екінші жартылай финалда "Ақтөбе" клубы "Семейден" 4:6 есебімен жеңілді.

    Енді "Қайрат" пен "Семей" командалары 29 желтоқсан күні сағат 19:00-де бірінші орын үшін сайысады.

    Футзалдан Қазақстан кубогының қола жүлдегері анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.