jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Де Брюйне, Месси және Беллингем: 2023 жылдың үздік жартылай қорғаушысы кім

    Кевин де Брюйне
    Кевин де Брюйне. Фото: instagram.com/kevindebruyne

    Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың үздік 10 плеймейкерінің тізімін жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ IFFHS ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталған тізімде "Манчестер Сити" футбол клубының капитаны Кевин де Брюйне 181 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал екінші орынға аргентиналық футболшы Лионель Месси (100 ұпай) жайғасса, үшінші орын португалиялық ойыншы Бернарду Силваға (78 ұпай) бұйырған.

    Cондай-ақ тізімге Джуд Беллингем ("Реал", 70), Мартин Эдегор ("Арсенал", 18), Джамал Мусиала ("Бавария", 17), Тони Кроос ("Реал", 15), Педри ("Барселона", 12), Федерико Вальверде ("Реал", 11) және Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед", 10) іліккен.

    Бұған дейін IFFHS ұйымы 2023 жылдың үздік футболшысын анықтаған еді. Бұл атақты "Манчестер Сити" командасы мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд алған болатын.

    Де Брюйне, Месси және Беллингем: 2023 жылдың үздік жартылай қорғаушысы кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.