jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Футболшы Абат Айымбетов Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін

    Абат Айымбетов
    Абат Айымбетов. Фото: kff.kz

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовке түркиялық командадан ұсыныс түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kazfootball.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    28 жастағы футболшыға Түркияның Бірінші лигасының үздік бестігіне кіретін және Суперлигаға жолдама алуды жоспарлап жүрген команда қызуғышылық танытты.

    Абат "Астана" футбол клубымен 2024 жылдың аяғына дейін келісімшартқа отырған. Түркиялық команданың мұндай қызығушылығына қарамастан "Астана" құрамасы шабуылшысымен қоштасуға дайын.

    Ал футболшы әлі бір шешімге келген жоқ. Түркиялық командадан бөлек оған "Ақтөбе", "Ордабасы", "Тобыл" клубтарынан да ұсыныс түскен.

    Еске салайық, Айымбетов 2023 жылы "Астана" футбол құрамасының сапында 45 матч өткізіп, 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

    Футболшы Абат Айымбетов Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.