jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Роналдуды жаттықтырған бапкер Бахтиер Зайнутдиновпен жұмыс істейтін болды

    Бапкер Фернанду Сантуш
    Фернанду Сантуш. Фото: The Asahi Shimbun via Getty Images

    Фернанду Сантуш түркиялық "Бешикташ" футбол клубының бас бапкері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Бешикташ" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Фернанду Сантуш "Бешикташ" футбол клубымен бір жарым жылдық келісімшартқа қол қойды. Португалиялық маман соңғы 14 жылда алғаш рет клуб бапкері болып отыр. Осыған дейін тек ұлттық құрамаларды тізгіндеген болатын: (2010-14, Грекия), (2014-22, Португалия), ( 2023 жылы Польша).

    Фернанду футболшы мансабын 1966 жылы португалиялық "Бенефика" жастар құрамасынан бастаған. 1971 жылы "Маритиму" командасында 2 маусым ойнаған еді. Сантуш футболшы ретіндегі жолын 30 жасында аяқтады. Жаттықтырушы болып ең алғаш "Эшториал-Прая" командасынан бастады.

    2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап Польша футбол қауымдастығы президенті Цезарь Кулештің шешімімен Польша ұлттық құрамасына бас бапкер болып тағайындалды. Ал сол жылдың 13 қыркүйегінде қызметінен босатылды.

    Айта кетейік, "Бешикташ" құрамасын Фернанду Сантушқа дейін түркиялық Шенол Гюнеш жаттықтырған еді.

    Роналдуды жаттықтырған бапкер Бахтиер Зайнутдиновпен жұмыс істейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.