jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Қызыл-Жар" футбол клубы төрт ойыншысымен қоштасты

    "Қызыл-Жар - "Астана"
    "Қызыл-Жар - "Астана". Фото: vk.com/fcqyzyljar

    "Қызыл-Жар" футбол клубы жаңа маусымның басында бірден негізгі құрамның төрт ойыншысымен қоштасқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қызыл-Жар" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футбол клубы әлеуметтік желіде 21 жасар жартылай қорғаушы Әлдайыр Әділов, 34 жасар Марат Шахметов пен 26 жасар шабуылшы Лука Имнадзе және 36 жасар қорғаушы Иван Граф командадан кететіні жайлы айтты.

    "Рахмет, Әлдайыр Әділов, Марат Шахметов, Лука Имнадзе, Иван Граф! Ойыншылар командадан келісімшарттары аяқталуына байланысты кетті. Айта кету қажет, әрбір футболшы өткен маусымдағы жетістігімізге үлестерін қосты. Ойыншыларға алдағы уақытта тек қана сәттілік тілейміз", – деп жазды "Қызыл-Жар" Instagram-дағы ресми парақшасында.

    Осыған дейін клубтан 8 ойыншы кеткен еді. Араларында Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Еркін Талапов та бар.

    Айта кетейік, Қазақстан Премьер лигасының өткен маусымында "Қызыл-Жар" 5-орын иеленген болатын.

    "Қызыл-Жар" футбол клубы төрт ойыншысымен қоштасты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.