Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық футбол клуб Месси үшін жаңа стадионға "көшеді"

Опубликовано:

Лионель Месси "Алтын доптарымен"
Лионель Месси "Алтын доптарымен". Фото: FRANCK FIFE/AFP via Getty Images

Америкалық "Спортинг Канзас-Сити" футбол клубы аргентиналық ойыншы Лионель Месси өнер көрсететін "Интер Майамиге" қарсы ойынды көрерменнің көптігіне байланысты басқа стадионда өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ sportingkc.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Спортинг Канзас-Ситидің" негізгі алаңы 18 467 адамға арналған – "Чилдренс Мерси Парк". Клуб президентінің айтуынша, кездесуді басқа спорт нысанында өткізу туралы шешім аргентиналық футболшы Лионель Мессидің ойынын көруге құштар көрерменнің көптігіне байланысты қабылданған.

Нәтижесінде матч "Эрроухед Стэдиум" алаңында өтеді деп жоспарланып отыр. Аталмыш нысан 76 416 көрермен сыйдыра алады.

"MLS біздің кестемізді үш апта бұрын жариялады. Сол уақыттан бері матч көрермендер арасында бұрын-соңды болмаған қызығушылық тудырды. Біз "Интер Майамимен" өтетін кездесуді осы көктемнің Канзас-Ситидегі ең үлкен оқиғасы болады деп ойлаймыз және жанкүйерлерімізге ерекше ойын көрсетіп, командамыздың керемет тәжірибе жинауы үшін "Эрроухед Стэдиуммен" серіктес болғанымызды мақтан тұтамыз", – деді "Спортинг Канзас-Сити" футбол командасының президенті Джейк Рид.

Айта кетейік, 36 жасар футболшы Лионель Месси "Интер Майами" футбол клубында 2023 жылдың 15 шілдесінен бері ойнайды. Осы уақытқа дейін команда сапында 14 матч өткізіп, 11 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді. Месси келісімшарт бойынша аталмыш құрамада 2025 жылға дейін ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2054620-amerikalyq-futbol-klub-messi-usin-zana-stadionga-kosedi/

pixel