Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасының 21 жастағы ойыншысы "Елімай" командасына ауысты

Опубликовано:

Футболшы Иван Свиридов
Иван Свиридов. Фото: instagram.com/v.sviridovv

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Иван Свиридов семейлік "Елімай" командасына ауысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Елімай" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Иван Свиридов футболшы мансабын 2018 жылы екінші лигадағы "Астана М" командасынан бастаған. Премьер лигадағы дебютін 2021 жылы 24 мамырда "Тобыл" құрамасына қарсы матчта жасады.

Свиридов Қазақстан ұлттық құрамасындағы алғашқы ойынын Словенияға қарсы өткізді. Сондай-ақ Иван Конференция лигасында да өнер көрсеткен болатын.

Свиридов "Елімайға" қарағандылық "Шахтёр" футбол клубынан ауысты.

Айта кетейік, осыған дейін "Елімай" командасына "Шахтёрдан" футболшы Юрий Перцух та ауысқан еді.

Семейлік команда осы жылдың 19 ақпанында грозныйлық "Ахмат" командасымен Түркияның Белек қаласында жолдастық матч өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2054782-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-21-zastagy-oiynsysy-elimai-komandasyna-auysty/

pixel