jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан Суперкубок финалы шетелде өтуі мүмкін

    "Ордабасы" футбол клубы
    "Ордабасы" футбол клубы. Фото: instagram.com/fc__ordabasy

    Шымкенттік "Ордабасы" мен қостанайлық "Тобыл" арасындағы Суперкубок ойыны шетелде өтуі мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-Raitings.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Ордабасы" мен "Тобыл" клубтары арасындағы Суперкубок матчы Түркияда өткізілуі мүмкін. Өткен маусымда ел Кубогын жеңген қостанайлық команда қарсыластарына "Тобыл Арена" жабық футбол кешенінде ойын өткізуді ұсынды. Десе де, "Ордабасы" бұл ұсыныстан бас тартты.

    Ал ҚПЛ чемпиондары Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына Шымкенттегі Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда ойнауды ұсынды. Қазіргі уақытта алаңның сапасы минималды талаптарға сәйкес келмейтіндіктен, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы бұл нұсқадан да бас тартты. Дәл осы себеппен Алматыдағы Орталық стадионда да өткізілмейтін болып шешілді.

    Ал "Астана Арена" болса жөндеу жұмыстарына байланысты жабық тұр.

    Қазақстан Суперкубогы үшін өткізілетін матч осы жылдың ақпан айының аяғы немесе наурыз айының басында болуы мүмкін деп жоспарланып отыр.

    Футболдан Қазақстан Суперкубок финалы шетелде өтуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.