jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Беларусь құрамасының бас бапкері командасын Қазақстан ұлттық командасымен салыстырды

    Карлос Феррер
    Карлос Феррер. Фото: kazfootball.kz

    Бұрын "Қайрат" футбол клубында бапкерлік қызметте болған Беларусь ұлттық құрамасының бас бапкері Карлос Феррер командасын Қазақстан ұжымымен салыстырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Егер Беларусьті Қазақстанмен салыстырса, үлкен айырмашылық бар деп айта алмаймын. Қараңызшы, олар ЕУРО-2024 іріктеу кезіңінен өтті деп есептей беруге болады. Ұлттар лигасының тобын жеңді, енді Грекиямен ойнайды.

    Қазақстан құрамасын ренжіткім келмейді. Мен оларды құрметтеймін, мен сол жақта жұмыс істедім. Біз олардан биікпіз деп айтпаймын, өйткені соңғы уақытта олар жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Сонымен қатар, ФИФА рейтингінде Беларусь – 95-ші орында, ал Қазақстан – 100-ші орында", – деді Феррер "Беларусь 5" телеарнасының эфирінде.

    Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Команда екінші мүмкіндікті Ұлттар Лигасының плей-офф кезеңінің арқасында алады. Еуроға шығу үшін Қазақстан екі матчта жеңіске жетуі керек. Біріншісі 2024 жылдың 21 наурызында Греция ұлттық құрамасымен өтеді. Егер сәтті болса, команда Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазына қарсы ойнайтын болады.

    Беларусь құрамасының бас бапкері командасын Қазақстан ұлттық командасымен салыстырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.