jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" футбол клубының бұрынғы ойыншысы шетелдік командамен келісімшарт жасасты

    Рангело Янга
    Рангело Янга. Фото: kazfootball.kz

    "Астана" құрамасының бұрынғы шабуылшысы Рангело Янга кипрлік "НЕА Саламина" командасына ауысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "НЕА Саламина" футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Рангело "Астана" ұжымында 2018-2019 жылдары ойнаған. Команда сапында жүріп 64 матч өткізіп, 11 гол мен 4 нәтижелі паспен көзге түсті.

    Футболшы Кипр жұртшылығына лимасолдық "Аполлон" құрамасында өнер көрсетіп танылды. "Апаллон" футбол клубы ішкі чемпионатты жеңіп алған еді. Сондай-ақ "ЧФР Клуж", "Эксельсиор", "Гент", "Бней Сахнин" командаларында да өнер көрсеткен. Кюрасао ұлттық құрамасында 35 матч өткізіп, 17 гол соқты.

    Айта кетейік, Рангело Янга "Астана" футбол клубының сапында Қазақстан Премьер лигасының жүлделі орын иегері атанған еді.

    "Астана" футбол клубының бұрынғы ойыншысы шетелдік командамен келісімшарт жасасты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.