jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат" футбол клубы Өзбекстан ұлттық құрамасының ойыншысын жалға алады

    Футболшы Иброхимхалил Юлдошев
    Футболшы Иброхимхалил Юлдошев. Фото: fcnn.ru

    Өзбекстан ұлттық құрамасының және "Пари НН" клубының 22 жастағы қорғаушысы Иброхимхалил Юлдошев "Қайрат" командасына жалға беріледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналист Иван Карповтың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Пари НН" клубының 22 жастағы қорғаушысы "Қайрат" футбол командасына ауысады. Спорт журналисі Иван Карповтың ақпараты бойынша, "Пари НН" футболшыны қазақстандық клубқа 500 мың еуроға жалға берді. Десе де толық сатып алу құқығы да бар.

    2023-2024 жылғы маусымда Юлдошев ресейлік команда сапында 6 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

    Ал Өзбекстан ұлттық құрамасы сапында 13 матч өткізген және 2023 жылдың күзінде олимпиадалық құрама сапында Азия ойындарына қатысып, турнирдің қола жүлдегері атанған.

    Айта кетейік, Transfermarkt порталы Иброхимхалил Юлдошевтың трансферлік нарықтағы құнын 800 мың еуроға бағалайды.

    "Қайрат" футбол клубы Өзбекстан ұлттық құрамасының ойыншысын жалға алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.