Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елімай" футбол клубы босниялық ойыншыны cатып алады

Опубликовано:

Иван Сараванья
Иван Сараванья. Фото: instagram.com/ivansarac63/

Семейлік "Елімай" футбол клубы босниялық қорғаушы Иван Сараваньямен келісімшартқа отырмақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Иван Сараванья семейлік "Елімайға" босниялық "Широги Бриег" клубынан ауысып келеді. 27 жастағы футболшы австриялық "Адмира" және "Аустрия Клагенфурт" клубтарында, сондай-ақ кипрлік "Акритас" командасында ойнаған. Ол Босния мен Герцеговина Премьер-лигасының ағымдағы маусымында 16 матч өткізді.

Бұған дейін "Елімай" клубы Дмитрий Яшин, Сергей Кейлер және Николай Золотов сынды 3 шабуылшыны команда сапына қосқан еді.

Айта кетейік, семейлік команда 11 ақпанда мәскеулік "Динамо" клубымен жолдастық матч өткізеді. Аталмыш кездесу оқу-жаттығу жиындары аясында Түркияның Белек қаласында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2055484-elimai-futbol-kluby-bosniyalyq-oiynsyny-catyp-alady/

pixel