jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Ең нашар ойынымыз": "Барселона" футбол клубының бапкері жанкүйерлерден кешірім сұрады

    "Барселона" футбол клубының бапкері
    "Барселона" футбол клубының бапкері. Фото: instagram.com/xavi

    "Барселона" футбол клубының бас бапкері Хави Эрнандес Испания Суперкубогының финалынан кейінгі баспасөз мәслихатына қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Marca.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Испания Суперкубогының финалында "Барселона" клубы "Реал Мадридтен" 4:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Осы жеңілістен соң "Барселонаның" бас бапкері Хави Эрнандес жанкүйерлерден кешірім сұрады.

    "Мені қайғы мен өкініш кернеп тұр. Бұл біздің осы маусымдағы ең нашар ойынымыз болды. Камбэк жасайтын едік, бірақ есептің 3:1 болуы жағдайды қиындатты. "Реал" қайта-қайта қарсы шабуыл жасап, бізді күйретті. Мен жанкүйерлердің алдында кешірім сұрағым келеді. Мен кәсіби мансабымда талай жеңіліске ұшырадым, бірақ біз қайта аяққа тұратынбыз. Бұл жолы да солай болады. Барса оралады", — деді Хави.

    Айта кетейік, осы уақытқа дейін "Барселона" командасы Испания Суперкубогын 14 рет жеңген. Ал бүгін, 15 қаңтарда мадридтік "Реал" аталмыш турнирді 13 рет жеңді.

    "Ең нашар ойынымыз": "Барселона" футбол клубының бапкері жанкүйерлерден кешірім сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.