Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" футбол клубына "Динамо" командасының шабуылшысы ауысады

Опубликовано:

Футболшы Камара Усман
Футболшы Камара Усман. Фото: kazfootball.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Павел Евтеев "Динамо Тбилиси" командасының гвинеялық шабуылшысы Усман Камараның "Астана" футбол клубына ауысуы туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Астаналық клуб бұл шабуылшыны қатарына қосуға тырысып, келіссөз жүргізіп жатқаны бекер емес. "Астана" мен "Динамо Тбилисидің" кездесуінде Усман Камара жақсы ойын көрсетті. Қазақстандық клуб үшін құрамын күшейтудің жақсы жолы. Командаға жас ойыншылар келе бастады, көп ойыншылармен қош айтысты. Бұл футболшыны алу "Астана" үшін сөзсіз дұрыс шешім болады", – деді Павел Евтеев.

Осыған дейін журналист Иван Карпов өзінің Telegram арнасында гвинеялық шабуылшының ресейлік "Урал" мен "Балтикадан" бас тартып қазақстандық "Астананы" таңдағаны жайлы жазған еді. "Астана" құрамасы "Динамоның" футболшысын 350 мың АҚШ долларына сатып алып, екі жылға созылатын келісімшарт ұсынғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Камара 2023 жылы 43 матч өткізді. Оның есебінде 15 гол және 7 ассист бар. Сонымен қатар шабуылшы Чемпиондар лигасының іріктеуінде "Астана" командасының қақпасына да гол салған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2055596-astana-futbol-klubyna-dinamo-komandasynyn-sabuylsysy-auysady/

pixel